Boeing 737 MAX ұшақтарында жаңа проблемалар туындады
Салынған уақыты 21.04.2021 09:36
Авиакомпаниялар 2 жылдық үзілістен кейін рейстеріне қайта қолдана бастаған Boeing 737 MAX ұшақтарынан американдық өндіруші электр қуатымен байланысты жаңа проблемаларды тапты. Компанияның мәліметінше, ақау барлық шығарылған ұшақтарда емес, тек нөмірлері анықталған әуе кемелері тобында туындауы мүмкін. Олар 16 авиакомпанияға жеткізілді деп хабарлайды avianews порталы.
Осыған байланысты өндіруші клиенттерге авиалайнерлердің электр жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін компонентінің жерге қосылуын тексеру бойынша ұсыныстар жіберді. Осы тексеруді орындағанға дейін авиакомпанияларға одан әрі ұшудан бас тарту ұсынылды. Boeing мәселені шешу үшін операторларға қажетті нұсқауларды жіберуге уәде берді.
2019 жылдың наурыз айында бүкіл әлемде бойынша Boeing 737 MAX рейстері осы үлгідегі ұшақпен болған екінші апаттан кейін тоқтатылған болатын. Мәселе анықталғаннан кейін Boeing ұшақтардың бағдарламалық қамтылымын жаңартып, ұшқыштарды оқытудың жаңа бағдарламасын жасады. Бұл өзгерістерді бүкіл әлемдегі, соның ішінде АҚШ, Еуропа және Канададағы реттеушілер мақұлдады. Нәтижесінде Boeing 737 MAX қажетті өзгерістер мен сынақ ұшуларынан кейін коммерциялық рейстерге орала бастады.
2595