ruenkz

Ұлыбритания елге кірушілер үшін «түрлі түсті» шектеулер жүйесін енгізеді

Салынған уақыты 20.04.2021 11:19

Ұлыбритания мамыр айында халықаралық сапарларды қайта бастау туралы шешім қабылдамақшы және елге келгендер үшін жаңа жүйені енгізбек: олар қай елден келгеніне қарай коронавирус бойынша шектеу шаралары күтіп тұратын болады. Бұл туралы Үкіметтің туризм жөніндегі жұмыс тобы хабарлады деп жазады РБК.

Ұлыбританияға «жасыл» аймақтардан кірмей тұрып, британдықтар да, шетелдіктер де коронавирусқа ПТР тестінен өтуі керек. Тағы бір тестті келгеннен кейін екінші күні тапсыру керек. Егер вирус анықталмаса, кірушілерге карантидге жатудың қажеті жоқ. Егер саяхатшы Ұлыбританияға «сары» аймақтан келсе, оған кірер алдында ПТР тестін тапсыру керек, ал келгеннен кейін үйде немесе қонақ үйде он күндік карантинде болуы керек.

Елге «қызыл» аймақтардан кіретіндер үшін ең қатаң шектеулер қолданылады. Олар кірер алдында, сондай-ақ келгеннен кейінгі екінші және сегізінші күні тест тапсырып, арнайы бақылау орталықтарына орналастырылады. Коронавирусқа аралық талдау жүргізу және карантиннен мерзімінен бұрын шығу қарастырылмаған.

2670