ruenkz

Еуропа туристерді тамыз-қыркүйек айларына дейін қабылдамайды

Салынған уақыты 19.04.2021 08:49

Еуропа елдері тамыз-қыркүйек айларына дейін туристер үшін шекарасын ашпайды деп санайды Еуропалық туристік қауымдастықтың (ETOA) бас директоры Том Дженкинс. Бұл туралы курсив.кз жаңалықтар порталы хабарлайды.

«Қазір көптеген елдер туристерге мамыр айының соңына дейін саяхаттауға рұқсат беруге тырысуда, бірақ менің ойымша, осы уақытқа дейін көптеген бағыттар ашыла қоймайды. Маусым-шілде айлары – Еуропа ашылуы мүмкін ең алғашқы айлар», - деді ол онлайн-конференцияда. Сондай-ақ, сарапшы бүкіл әлемде туристік сала белгісіздікке байланысты әлі де дағдарыста қалып отырғанын атап өтті.

ETOA туризм саласында жұмыс істейтін 1,2 мыңға жуық компанияны біріктіреді. Бұл –  туроператорлар, турагенттіктер, қабылдаушы компаниялар, онлайн-трэвел-агенттіктер.

Бұған дейін нарықтарды зерттеу жөніндегі Euromonitor International халықаралық компаниясының сарапшылары әлемдік туризм индустриясына талдау жүргізген болатын. Болжам бойынша, коронавирустық пандемиядан айтарлықтай зардап шеккен сала қатаң талаптарды сақтай отырып, 2022 жылы ғана бұрынғы көрсеткіштерге оралуы мүмкін.

2665