ruenkz

ҚР ИИДМ-де қазақстандық әуежайларды модернизациялау мәселесі талқыланды

Салынған уақыты 16.04.2021 16:37

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және модернизациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Қатысушылар – облыс әкімдіктерінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері, әуежайлардың, «Қазаэронавигация» РМК басшылары – Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, Түркістан қаласы әуежайының маршруттық желісін кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлар қаралды.

Жобалар инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Министр Азаматтық авиация комитетіне және жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы аяқтау және реконструкциялау кезінде әуежайлардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.

Жазғы кезеңде Өскемен және Үржар қалаларындағы әуежайлардың күрделі жөндеуге жабылуына байланысты, министр Алакөл көлінің жағалауында көліктің қолжетімді болуын, оның ішінде көліктің басқа түрлерімен (автобус және т/ж қатынасы) тасымалдау көлемін ұлғайтуды тапсырды.

9250