ruenkz

Өзбекстан әуежайлары алымдар мен тарифтерді 27% төмендетеді

Салынған уақыты 16.04.2021 08:56

 

Өзбекстан әуежайларының операторы Uzbekistan Airports шетелдік авиакомпаниялар үшін әуе кемелеріне қызмет көрсетудің негізгі алымдары мен тарифтерін төмендетеді деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Uzbekistan Airports» АҚ 15 сәуірден бастап Өзбекстан әуежайларына тұрақты жолаушылар рейстерін жасайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне қызмет көрсету алымдары мен тарифтерін орта есеппен 27%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Қабылданған шешім Өзбекстан әуежайларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, халық үшін авиатасымалдарды қолжетімді ете отырып, туризм мен іскерлік белсенділіктің дамуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Uzbekistan Airports құрылымына елдің 11 халықаралық азаматтық әуежайы кіреді. Сондай-ақ, 1990 жылдардың басынан бастап елде толықтай монополиялық авиатасымалдаушы – мемлекетке тиесілі «Өзбек авиалиниялары» ұлттық авиакомпаниясы жұмыс істеді. Оның құрамына елдегі барлық азаматтық әуежайлар да кірді. 2018 жылдың қараша айында авиакомпания қайта құрылып, оның негізінде әуежайларды басқару үшін - Uzbekistan Airways және Uzbekistan Airports жеке екі акционерлік қоғам құрылды.

2921