Әлемде жеке ұшақтардың сатылымы 7,7%-ға өскен
Салынған уақыты 15.04.2021 16:18
Өткен жылы жеке ұшақтардың сатылымы айтарлықтай өсті, өйткені әлемдік туристік сала COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтап, ондаған авиакомпаниялар банкротқа ұшырады деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Жалпы әлем бойынша өткен жылы 2,227 мың ұшақ сатылды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 7,7% артық. Олардың жалпы құны 14,5 миллиард доллардан асты. Пандемияға байланысты әдеттегі жолаушылар рейстеріндее басқа адамдармен тығыз байланыста болу денсаулыққа қауіп төндірді. Бұл болса жеке нарыққа жаңа клиенттерді тартты.
Еуропалық GlobeAir компаниясының мәліметтері бойынша, жеке рейстер кезінде адамдар арасындағы байланыс пен жеке қарым-қатынас мүмкіндіктері коммерциялық рейстерге қарағанда әлдеқайда төмен. Әрі жеке авиацияның жолаушылары әуежайға қоғамдық көлікпен емес, өзінің жеке көлігімен жетуі әбден мүмкін, сонымен қатар бизнес-авиацияға арналған терминалдар жолаушылар терминалына қарағанда барынша мұқият әрі жиірек тазаланып тұрады.
2684