UNWTO: халықаралық туризмдегі дағдарыс әлі де күшінде
Салынған уақыты 12.04.2021 09:20
Қаңтар айында халықаралық жол жүру көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 87%-ға төмендеді, бұл сапарларға қойылған шектеулердің жалғасуына және тіптен қатаюына байланысты. Олардың саланы дағдарыстан шығуға кедергі келтіретінін UNWTO зерттеуі көрсетті деп хабарлайды Интерфакс.
«Әлем үшін ауыр болған 2020 жылдан кейін және 2021 жылы халықаралық туризм дағдарыстан шыға алмады, өйткені көптеген елдер вирустың қайта өршуіне байланысты шектеулерді қайтадан күшейтті. Тест, карантин және тіптен шекаралардың жабылуы саланың дағдарыстан шығуына кедергі келтірді. Туризм саласы үлкен үміт артқан вакцинация да күтілгеннен баяу жүріп жатыр, бұл халықаралық сапарлардың қалпына келуіне кедергісін жасауда», — делінген хабарламада.
UNWTO ұйымы туризмді қалпына келтірудің екі сценарийін жасады. Біріншісі белсенді саяхаттау шілде айында басталады деген болжам. Бұл жағдайда жыл қорытындысы бойынша халықаралық келу 2020 жылдың тарихи минимумымен салыстырғанда 65 % өседі, бірақ 2019 жылмен салыстырғанда 55%-ға төмен болады. Неғұрлым пессимистік сценарий бойынша қалпына келтіру қыркүйек айында болады деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда келу санының 30% өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда 2019 жылмен салыстырғанда құлдырау 67% құрайды.
3056