ruenkz

«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға авиарейстер ашуға ниетті

Салынған уақыты 08.04.2021 11:09

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «WizzAir» авиакомпаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варадиді қабылдады.

Д. Варади ҚР Премьер-Министрінің ағымдағы жылдың наурыз айындағы БАӘ-ге сапары аясында қол жеткізілген «Абу-Даби – Алматы» және «Абу-Даби – Нұр-Сұлтан» бағыттары бойынша «WizzAir»-дың тұрақты жолаушылар әуе тасымалын бастау туралы уағдаластықтың іске асырылу барысы туралы баяндады. 

Сонымен қатар тараптар халықаралық бизнес және туристік қоғамдастық қызығушылық танытып отырған Түркістан, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларына «WizzAir» авиарейстерін ашу, сондай-ақ аймақтағы және әлемдегі аса перспективалы сауда бағыттары бойынша әуе жүк тасымалын ұйымдастыруды талқылады.

Бұдан басқа, «WizzAir» авиакомпаниясы Қазақстанда жаңа буын авиаотын өндірісін – «тұрақты авиациялық отынды» (sustainable aviation fuel) өндіруді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Кездесуге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев қатысты.

3338