ruenkz

Швеция әлемде бірінші болып әуежай алымдарын ұшақтан бөлінетін зиянды заттарға тәуелді етпек

Салынған уақыты 09.04.2021 08:49

Швеция үкіметі әуежайларда әуе кемелерінің атмосфераға көмірқышқыл газының шығаруын есептеу негізінде ұшу және қону алымдарына тариф белгілеу жүйесін ұсынуға дайындалуда. Жоба авторларының ойынша, бұл авиакомпанияларды отын тиімділігі жоғары, экологияға зияны аз ұшақтарды пайдалануға ынталандыратын және біртіндеп керосиннен биоотынға көшуге ықпал ететін болады деп хабарлайды АТО порталы.

Алымдарды қалыптастыруға авиакомпаниялар мен әуежайлар қатыстырылмақ. Бірінші кезеңде жүйе елдің екі ірі әуежайында: Стокгольмдағы Арланд әуежайы мен Гетеборг әуежайында енгізіледі. Бұл бастама Швецияны көлік тарифтерін ұшақтың экологиялық көрсеткіштеріне тікелей байланыстыратын әлемдегі алғашқы елге айналдырайын деп отыр. Бірнеше ел, соның ішінде Ұлыбритания, жолаушылардан экологиялық төлемдер сияқты әртүрлі схемаларды енгізді, бірақ олардың ешқайсысы экологиялық таза техниканы қолдануға тікелей түрткі болған жоқ.

Жобаның егжей-тегжейлері әлі ашылған жоқ, бірақ жалпы мағынасы – отынды аз жағатын немесе биоотынды пайдаланатын жаңа әуе кемелеріне төлемдер төмен болады. Көрші Норвегияда үкімет 2040 жылға қарай барлық ішкі рейстерді электр қозғалтқыштары бар ұшақтарға ауыстыру міндетін белгіледі. Электр қозғалтқыштары бар ұшақтарда ұшатын жолаушылардан алынатын алымды азайту және отынның биологиялық түрлерін пайдалануды арттыру талабын енгізуге ниетті екені айтылды.

3322