ruenkz

FlyArystan Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейсін орындады

Салынған уақыты 06.04.2021 08:25

21 наурызда FlyArystan лоукостері Түркістаннан Стамбұлға алғашқы халықаралық рейсін орындады. Бұл бағыт бойынша рейс сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

 «Бүгінгі таңда Түркістан қаласының әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларына ішкі рейстер орындалып жатыр және ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап Түркістанды Қазақстанның 10 облыс орталығымен аптасына 53 рейс жиілігімен байланыстыру жоспарлануда», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

«Қазақстан мен Түркия әрдайым тығыз экономикалық, стратегиялық және достық қарым-қатынаста болды. Тікелей рейстердің пайда болуымен рухани байланыс нығая түсетініне сенімдіміз, өйткені Түркістан бүкіл түркі әлемінің бесігі болып табылады. Осыған байланысты біз осы бағыт бойынша ұшу санын аптасына үш реттен бес ретке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті FlyArystan басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Маннс.

146