ruenkz

«Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында «Елбасы медалі» бағдарламасы жеңімпаздарының бірі «Қазаэронавигация» РМК «Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО» филиалының авиадиспетчері Вайс Данил Данилович болды

Салынған уақыты 05.04.2021 08:26

«Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында «Елбасы медалі» бағдарламасы жеңімпаздарының бірі «Қазаэронавигация» РМК «Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО» филиалының авиадиспетчері Вайс Данил Данилович болды, ол барлық кезеңдерден ойдағыдай өтіп, жобаның барлық шарттарын орындап, медальмен марапатталды.

Вайс Данил Данилович 1993 жылы туған. 2016 жылы С.Сейфулин атындағы "Қазақ агротехникалық университетін «Геодезия және картография" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы «Қазаэронавигация» РМК Данилді өз қаражаты есебінен GLOBAL ATS авиациялық оқу орталығына (Челтнем қ., Ұлыбритания) әуе қозғалысын ұйымдастырудың авиадиспетчерлерін бастапқы даярлау курстарына жіберді. Оқу барысында ол спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2018 жылдың тамыз айында оның командасы әуесқойлар арасында шайбалы хоккейден Англия чемпионы атанды. Қазіргі уақытта Даниил авиадиспетчер болып жұмыс істей отырып, кәсіпорындағы спорттық шараларға белсенді түрде қатысады.  

«Елбасы медалі"» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатыса алады.

Жобаның мақсаты – қиындықтарды жеңуге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның құрамына Нұрсұлтан Назарбаев қорының, Елбасы академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстанның жастар конгресінің, БАҚ және жұртшылық өкілдері кіреді.

Жалпы, бұл жоба әр қатысушы үшін білім беру, шығармашылық, мәдени және басқа да қабілеттер мен таланттарды кеңейтуге жағдай жасайды. Бағдарлама әрбір қатысушының өз мамандығын таба алатын, өзіне деген сенімін күшейтетін, өз саласында көшбасшы бола алатын қабілеттерін қалыптастыруға негізделген.

 

299