ruenkz

АҚШ авиациялық қоғамдастығы мемлекеттен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру жоспарын талап етіп отыр

Салынған уақыты 02.04.2021 08:28

АҚШ-тағы көптеген авиациялық салалық бірлестіктер билікті 1 мамырға дейін халықаралық әуе қатынасына шектеулерді біртіндеп жеңілдетудің тәуекелдерді басқаруға негізделген жоспарын жасауға шақырды. Мұндай талапқаі АҚШ-тағы COVID-19-бен сырқаттану және өлім-жітімінің деңгейін төмендету, сондай-ақ жаппай вакцинациялау қарқынын арттыру болып табылады.

Авиакомпаниялардың, әуежайлардың, авиақұрылысушылардың және туристік компаниялардың мүдделерін білдіретін салалық ұйымдардың коалициясы Президент Әкімшілігіне ашық хат жолдады, онда авиакөлік жүйесінің барлық қатысушылары қабылдайтын ерікті биологиялық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, «елдегі денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме төмендеп келеді» делінген. Үндеуде салалық қоғамдастық вирустың таралу қарқынын төмендетуде өзінің тиімділігін дәлелдеген бетперде кию, әлеуметтік қашықтыққты сақтау және келушілерді тестілеу сияқты «қоғамдық денсаулықты қорғаудың негізгі шараларын» алып тастауға немесе жеңілдетуге шақырмайтындығы баса айтылған.

Құжат жоспарға кіргізілуге тиіс бірқатар элементтер тізімін келтіреді. Оның бірі – карантиннің орнына вакцинация туралы куәлік немесе теріс тест туралы анықтаманы қолдану. Қазіргі уақытта жұқпалы ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) тест немесе вакцинация нәтижелеріне қарамастан, елге келгендердің барлығын жеті күн карантинде ұстауды талап етеді. Ашық хатқа қол қойған ұйымдардың қатарына Аэроғарыш қауымдастығы, Американдық әуежай басшылары қауымдастығы, Кабина экипаждары қауымдастығы, Ғаламдық бизнес-саяхат қауымдастығы, Ұлттық әуе көлігі қауымдастығы және Аймақтық авиакомпаниялар қауымдастығы кіреді.

2782