ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-да бейнеконференцбайланыс режимінде профессор Н. Е. Жуковский атындағы Орталық аэрогидродинамикалық институтының басшылығымен кеңес өткізілді

Салынған уақыты 01.04.2021 15:14

2021 жылғы 31 наурызда «Қазаэронавигация» РМК-да бейнеконференцбайланыс режимінде профессор Н. Е.Жуковский атындағы Орталық аэрогидродинамикалық институттың (РФ, Жуковский қ., Мәскеу облысы) басшылығымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында институт басшылығы институт қызметі туралы таныстыру ақпаратын ұсынды, пилотсыз ұшу аппараттарын бірыңғай әуе кеңістігіне біріктіру, оларды нормативтік реттеу, сертификаттау және пайдалану мәселелері, азаматтық авиациялық техниканың, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарының ұшу қауіпсіздігі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, азаматтық пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кеңістігі жүйесіне біріктіу мәселелері қаралып,  талқыланды. 

Бұл кездесу жұмыс тәртібіне сай барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

261