Ауа-райы сенімді қолда!
Салынған уақыты 01.04.2021 11:25
Жыл сайын 23 наурызда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бастамасы бойынша БҰҰ қолдауымен Дүниежүзілік метеорология күні немесе Дүниежүзілік метеорологиялық күн (World Meteorological Day) өткізіледі.
1854 жылға дейін ауа-райының өзгеруін болжамай, тек оны бақылап қана отырды. Көптеген елдерде ауа-райы қызметтерінің дамуына Балаклава дауылы күшті серпін берді. Дауылдың күштілігінен ағылшын флотына келтірілген зиянның ауыр болғаны соншалықты, метеорологияға ғалымдар ғана емес, алғаш рет мемлекет басындағылар да назар аудара бастады. Үш айдан кейін алғашқы синоптикалық карта жасалды. Ұлттық метеорологиялық қызметтер құрыла бастады, ал 1871 жылы Халықаралық метеорологиялық ұйым құрылды (1950 жылдан бастап – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым).
Қазіргі уақытта авиация қызметін ауа-райы жағдайларын ескерусіз және сенімді метеорологиялық қолдаусыз елестету мүмкін емес. Авиациялық метеорология авиациямен бір уақытта пайда болды. Барлық үлгідегі әуе кемелері метеорологиялық жағдай туралы ақпарат болған кезде ғана ұшады. Авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұшу уақыты мен отын шығынын азайтуға көмектеседі.
Әуе кемелерін қамтамасыз ету мақсатында алғашқы метеорологиялық бақылау Көкшетау қаласының әуежайында 1945 жылғы тіркелді.
Бастапқыда метеожабдықтың құрамына мыналар кірді:
- 2 психрометриялық будка;
- көктайғақ станогы;
- қысымды өздігінен жазғыштар;
- желді өлшеу құралы – флюгер;
- көріну қалқан-бағдарлары;
Шр-пилот шығарылды, онымң көмегімен БТШ биіктігін анықтады.
Содан кейін Көкшетау қаласының әуежайы ИВО-1М, РВО бұлт өлшегіштерімен, М-63 жел өлшегіштерімен жабдықталды, синоптикалық карталарды қабылдау үшін байланыс электрондық пошта арқылы жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалының метеоқызметі метеоақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге және уақытылы таратуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықпен (КРАМС-4, ДМРЛ WRM200 және т.б.) жарақталған.
Авиациялық болжам өте күрделі, көпшілікке түсініксіз, бірақ ұшуды ұйымдастыру кезінде ескерілетін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды көптеген қосымша параметрлерді қамтиды. «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалының метеоқызмет синоптиктері заманауи болжамдық модельдерді, Жердің жасанды серіктерінің деректерін пайдаланады. Бірақ, техникалық прогреске қарамастан, авиацияны метеоқамтамасыз етуде басты орында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі өздерінің үйлесімді жұмысына байланысты екенін жақсы түсінетін жоғары білікті, жауапты, өз ісіне берілген мамандар екені сөзсіз.
2278