ruenkz

Африка саяхатшының жеке медициналық төлқұжатын енгізеді

Салынған уақыты 01.04.2021 08:48

Эфиопиялық ұлттық тасымалдаушы Ethiopian Airlines жолаушыларға саяхатшысының Trusted Travel Pass медициналық төлқұжатын, яғни COVID-19-ға қатысты денсаулық жағдайын тексеруге арналған африкалық платформаны іске қосады. Бұл бастама континент ішінде саяхаттау кезінде скринингтік процедураларды үйлестіруге арналған деп хабарлайды АТО порталы.

Trusted Travel Pass әзірлеу Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығымен (Africa CDC) бірлесе отырып, 55 мүше мемлекеттің мүдделерін білдіретін Африка Одағы іске қосты. Платформа 2020 жылдың қазан айында іске қосылды, қаңтардан бастап ол Кенияда сыналуда. Жолаушылар, сондай-ақ, талдамалар немесе вакцинация нәтижелері туралы деректерді өз бетінше енгізе алады, әрі олар дәлелді ақпарат ретінде қабылданады.

Ethiopian Airlines компаниясының ақпарат жөніндегі директоры Гетинет Тадессе Trusted Travel Pass коронавирустық дағдарыстан кейін нарықты қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады деп санайды. Trusted Travel IATA Travel Pass халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бастамасына қатысы жоқ дербес бағдарлама болып табылады.

2682