IATA: әуе саласына мемлекеттен берілген көмек көлемі 215 млрд долларға жетті
Салынған уақыты 30.03.2021 16:05
Пандемия әлемдік авиакомпанияларды рейстерді тоқтатуға мәжбүр еткеннен бері өткен бір жылда, әр түрлі елдердің үкіметтері саланы қаржылай қолдауға 215 миллиард доллар бөлді деп хабарлады халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) сарапшылары. Қауымдастықтың бас директоры Александр де Жюняк үкіметтерге авиациялық кәсіпорындарға көмектескені үшін алғыс айтып, осы игі істі әрі қарай жалғастыруға шақырды деп хабарлайды АТО порталы.
IATA басшысы мәмілеге келместен енгізілген кез келген карантиндік шектеулерге қатысты тағы бір рет сын айтты және пандемияның келесі толқындарын ұстап тұру үшін ешқандай дұрыс шаралар қолданбағанына наразы болды.
Де Жюньяк оң мысал ретінде Ұлыбритания үкіметінің авиакомпаниялар сене алатын саланы қалпына келтіру жоспарын келтірді. Ол, сондай-ақ, Еуроодақтың заң шығарушы органдардың қарауына берілген Green Pass бастамасын мақұлдады.
Еуропалық Комиссия ЕО-да әуе тасымалы нарығын қалпына келтіруді жеңілдету мақсатында COVID-19-ға қатысты жолаушының денсаулық жағдайын растау үшін цифрлық «жасыл сертификат» жоспарын ұсынды. «Жасыл сертификат» жолаушының коронавируспен ауырғандығы, теріс сынақ нәтижелері немесе вакцинациядан өткендігі туралы анықтама ретінде болады. Бұл деректер түпнұсқалығын растау үшін QR-коды бар цифрлық немесе қағаз тасығышта тегін ұсынылатын болады.
2671