ruenkz

Dassault Falcon 6x бизнес-джетінің ұшу сынақтары басталды

Салынған уақыты 30.03.2021 09:09

10 наурызда Dassault Aviation бас өндірістік алаңының әуеайлағынан Бордо-Мериньяк елді мекеніне Falcon 6x бизнес-джетінің алғашқы рейсі орындалды. Бұл француз өндірушісінің жаңа флагманының ұшу сынақтарының фазасын бастауға мүмкіндік берді. Falcon тобының жаңа өкілін 2022 жылы ұшу қашықтығы жоғары және салоны үлкен бизнес-джеттер ретінде сертификаттау және пайдалануға беру жоспарланған деп хабарлайды АТО порталы.

Falcon 6X басты ерекшелігі – өз сыныбындағы ең кең салон иегері. Қашықтық 10190 км, максималды жылдамдығы — 0,9 м. 6Х салонының үш бөлігінде 16 жолаушы жайланып отыра алады. Креслолардың арасы Falcon модельдеріне қарағанда 5 дюймге кең.

6X жаңа ерекшеліктерінің бірі – FalconScan бірітірілген борттық сканерлеу жүйесі. Жүйе 100 мыңнан астам параметрлерді бақылайды және Dassault инженерлері ақаулықтарды жоюға, сондай-ақ 6X тұтас паркі бойынша деректерді алуға көмектесетін алгоритмдер жасады.

2854