Air Serbia цифрлық COVID-төлқұжаттарын сынақтан өткізе бастады
Салынған уақыты 29.03.2021 16:20
Euractiv порталы Сербияның ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Serbia халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесе отырып, жолаушыларға арналған мобильді ковид паспортын IATA-ға сынақтан өткізе бастағанын хабарлайды.
IATA Travel Pass қосымшасы туристерге пандемия жағдайында еркін жүруге мүмкіндік береді. Бұл цифрлық төлқұжатта жолаушылар басқара алатын және межелі елге жібере алатын коронавирустық вакцинация және тестілеу туралы ақпарат болады. Сонымен қатар, қосымшадан баратын елдің санитарлық ережелері туралы тиісті мәліметті таба аласыз.
2761