ruenkz

Росавиация авиаперсоналды жаппай вакцинациялауды жүргізеді

Салынған уақыты 29.03.2021 08:52

Ресей Федерациясының Көлік министрлігі Росавиацияға авиация саласының персоналын жаппай вакцинациялауды тапсырды деп жазады "Интерфакс". Вакцинацияны ведомство авиакәсіпорындармен бірге ұйымдастырады. Авиация саласының қызметкерлері көпшілікпен бетпе-бет жұмыс істейтіндердің қатарында болғандықтан, олар бірінші болып екпе алуға тиіс делінген.

Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Игорь Чалик Росавиация алқасының отырысында мәлімдегендей, агенттік тез арада Көлік министрлігіне саланың барлық қызметкерлерінің жедел вакцина алуы туралы ұсыныстар беруі керек.

99