ruenkz

Қазақстандық балалар тегін ұша алады

Салынған уақыты 26.03.2021 16:20

Қазақстанда балаларға арналған тегін ұшу іске қосылады. Kids Go Free бағдарламасы бойынша тегін авиабилеттер екі жастан 14 жасқа дейінгі балаларға беріледі деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Kids Go Free (балалар тегін саяхаттайды) бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтарды Қазақстанның туристік бағыттарында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру. Бұл балалар авиабилеттерін субсидиялау арқылы іске асырылмақ көмектеседі. Мәдениет және спорт министрлігінің болжауынша, бұл демалысты 30 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік береді.

Тегін авиабилеттер туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған басым туристік аумақтардың басты 0 бағыты бойынша қолжетімді болады. 

Балаларға арналған тегін авиабилеттер Kids Go Free опциясы қосылған отандық туристік өнімдер аясында ғана қолжетімді болады. Бұл ретте бағдарламаның талаптары бойынша бір ересек адаммен (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) екі бала ұша алады. Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта Kids Go Free бағдарламасы ҚР Парламенті Сенатында қаралу сатысында екенін және туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасы қабылданғаннан кейін бекітілетінін түсіндірді.

430