ruenkz

Абу-Дабиден Қазақстанға жаңа рейс іске қосылмақ

Салынған уақыты 25.03.2021 16:43

Біріккен Араб Әмірліктерінің Wizz Air Abu Dhabi ұлттық авиакомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына Абу-Дабиден тікелей рейстерді жүзеге асыратын болады деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Ақпаратқа сәйкес, рейстер Алматыда аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері, ал Қазақстанның бас қаласына бейсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. Авиакомпанияның хабарлауынша, билеттер тасымалдаушының сайтында 18 мың теңгеден басталатын бағамен сатылады. Рейстер A321neo ұшақтарымен жүзеге асырылады. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, тұрақты рейстер 2021 жылдың мамыр айының ортасынан басталады.

«021 жылғы 14 наурызда ҚР Премьер - Министрі А.Ұ. Маминнің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Wizz Air Abu Dhabi авиакомпаниясы арасында ҚР мен БАӘ арасында тұрақты рейстер ашуға қатысты бірлескен мәлімдемеге қол қойылды»,- делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

391