ruenkz

IATA: халықаралық әуе тасымалы 2021 жылдың II тоқсанында қалпына келе бастайды

Салынған уақыты 25.03.2021 09:37

Интерфакстың хабарлауынша, халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) басшысы Александр де Жюньяктің мәлімдемесіне қарағанда, халықаралық жолаушылар авиатасымалдары осы жылдың екінші тоқсанында қалпына келеді деп күтілуде.

Оның айтуынша, шекаралар ашылғаннан кейін туристік сапарлар саны күрт артады. Бизнес сегментіндегі қалпына келтіру баяу қарқынмен жүреді және жыл соңына дейін саяхатшылардың жалпы саны COVID-19 пандемиясына дейінгі деңгейден әлі де төмен болады.

«Осы жылдың мамыр немесе маусымынан кейін біз әуе тасымалы саласындағы өзгерістерді байқай бастаймыз. Біз IATA-да елдер арасындағы шекараларды ашу үшін хаттамалар мен жол карталарын әзірлеу және жоспарлау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деді де Жюняк. Атап айтқанда, ол қауымдастық әзірлеген Travel Pass мобильді қосымшасы туралы айтты, онда жолаушының вакцинация жасау жолын және коронавирустық инфекцияны тексеру нәтижелерін көруге болады.

358