ruenkz

Армысың, әз Наурыз!

Салынған уақыты 25.03.2021 09:27

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – табиғаттың оянуының символы ғана емес, ұлы достықтың, бірлік, бейбітшіліктің, мейірімділік пен келісімнің мерекесі. 19 наурыз күні «Армысың, әз Наурыз» тақырыбындағы іс-шарасын Атырау филиалының қызметкерлері филиалдың өз қолдарымен ұлттық қазақ стилінде безендірген фойесінде атап өтті. 

Қызметкерлер арасында концерттік және сахналық қойылымдар ұйымдастырылды, домбыра мен гитаратада ән айтып, күй тартты, ұлттық билерден өнер көрсетті. Қызмет пен бөлімдер арасында «Арқан тартысу», «Асық ату», «Ләнкі ату», кір тасын көтеру секілді қазақтың ұлттық ойындары өткізілді.

Іс-шара соңында жиналғандардың ішіндегі жасы үлкені отбасынан жылдан жылға құт-береке кетпеуі үшін бата берді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

149