Австралиялық авиакомпания жолаушыларға жұмбаққа толы сапар жасауды ұсынады
Салынған уақыты 19.03.2021 09:14
Австралиялық Qantas авиакомпаниясы жолаушыларға белгісіз бағытта ұшатын бір күндік сапар түрін ұсына бастады. Осылайша Qantas жолаушылардың ұшуға деген қызығушылығын арттыруға және пандемияға байланысты күрт төмендеген әуе индустриясын ынталандыруға тырысуда деп хабарлайды The Village.kz.
Бұл рейстер 737 австралиялық доллардан (241 364 теңге) басталатын экономикалық тарифтер бойынша Австралияның ірі үш қаласынан Qantas Boeing 737 ұшағының бірінде орындалатын болады. Билеттің бағасына күні бойы өтетін шарап жасау мен керемет түскі астан бастап, тропикалық аралдардағы суға түсуге дейінгі түрлі ойын-сауық түрі кіреді. Коронавирустық шектеулерге байланысты барлық рейстер тек ел ішінде жүзеге асырылады.
Аймақтағы авиакомпаниялар адамдардың пандемия салдарынан саяхатқа деген қызығушылығының төмендеуімен күресудің жаңа стратегияларын ойластыруға мәжбүр. Өткен жылы Qantas Австралияның көрікті жерлерінің үстінен жерге жақын ұшып өтіп, бір әуежайдан ұшып, сол әуежайға қайтып қонатын, бағыты белгісіз рейстер ұсынған алғашқы авиакомпаниялардың бірі болды.
2964