ruenkz

UNWTO: әлем елдерінің үштен бірі шетелдік туристер үшін әлі де толық жабық

Салынған уақыты 18.03.2021 09:18

Интерфакс хабарлағандай, әлем елдерінің үштен бірі шетелдік туристер үшін толығымен жабық күйінде қалып отыр, әсіресе Азия-Тынық мұхиты аймағында және Еуропада қатаң шектеулер сақталуда делінген БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) есебінде.  

Ұйымның мәліметінше, 217 бағыттың 69-ы толық жабылған. Олардың 30-ы Азия – Тынық мұхиты аймағында, 15 – і Еуропада, 11 – і Африкада, оны Солтүстік және Оңтүстік Америкада, үшеуі Таяу Шығыста. Сонымен қатар, елдердің 34% ішінара жабық.

UNWTO біраз мемлекеттерде карантинмен қатар елге кіретін саяхатшылардан COVID-19 ПТР тесті туралы анықтаманы және/немесе олардың қарым-қатынас жасаған адамдарын анықтау үшін жүрген маршруты туралы мәліметтерді талап етілетінін еске салады. Қазір мұндай талаптар 32 мемлекетте қолданылады.

«Пандемия басталған кезде вирустың таралуын шектеу үшін жол жүруге шектеулер кеңінен қолданылды. Енді туризмді біртіндеп қайта бастайтын уақыт келді, бұл шектеулерді инфекция жағдайлары туралы соңғы мәліметтерге сүйене отырып, үнемі қайта қарап отыруымыз керек екенін мойындауымыз керек. Әйтпесе, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтып отырған саланы қайта қалпына келтіру мүмкін емес», - деді UNWTO бас хатшысы Зураб Пололикашвили.

2729