ruenkz

Emirates жолаушыларына қонғаннан кейін қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді

Салынған уақыты 17.03.2021 16:15

Emirates авиакомпаниясы борттағы жеке кеңістігін кеңейтуді қалайтын экономкласс жолаушыларына жаңа қызмет ұсынды деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Қолында расталған бронь бар экономкласс клиенттері өз рейстеріндегі көрші үш бос орынға дейін сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бос орындарды, егер олар бар болса, дәл ұшу алдында тіркеу кезінде ғана сатып алуға болады. Бір бос орынның құны 55-тен 165 долларға дейін (23 мыңнан 69 мың теңгеге дейін), сондай-ақ кез келген қолданылатын салықтарды төлеу қажет болады.

Компания бұл қызмет ерлі-зайыптылар арасында, сондай-ақ балалары бар саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді. Жаңа опциядан басқа, Emirates эконом-класпен саяхаттайтын клиенттеріне арнайы кресло таңдауды ұсынады: аяққа арналған қосымша орны бар, қос орындықтар, «таңдаулы» орындар. Сондай-ақ, жай орынды таңдап алуға да болады.

2780