ruenkz

Болашақ авиадиспетчерлер АОО Entry Point North AB (Мальме қ., Швеция Корольдігі) оқу орталығында білім алуды тәмамдады

Салынған уақыты 17.03.2021 09:58

Мальмё қаласында (Швеция Корольдігі) болашақ 8 авиадиспетчерлерден құралған топ Entry Point North AB жетекші Еуропалық авиациялық оқу орталығында ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау курстарында оқуын сәтті аяқтады.

Entry Point North AB АОО оқуын сәтті аяқтауына байланысты Қазақстан Республикасының Швеция корольдігіне Елшілігінің кеңесшісі Аида Жомартовна Ермекқалиева ханымның қатысуымен сертификаттар тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

Біздің студенттер тобы тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ бүкіл ТМД кеңістігінен Entry Point North AB АОО-да даярлықтан сәтті өткен алғашқы студенттер болды. Бір жылдан астам уақыт бойы курс тыңдаушылары ICAO және EASA стандарттарына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету негіздерін оқыды.

Оқу қорытындысы бойынша біздің түлектер жоғары ұпайлар көрсетіп, барлық емтихандарды сәтті тапсырды.

Бейімдеу тренингі аяқталғаннан кейін жас мамандар "Қазаэронавигация" РМК филиалдарына ӘҚҚ диспетчер–тағылымдамаушылары ретінде жіберілетін болады.

347