ruenkz

Қытай саяхатшыларға арналған «денсаулық паспорты» бағдарламасын іске қосады

Салынған уақыты 16.03.2021 08:49

Қытайлық WeChat мессенджері саяхатшыларға арналған халықаралық денсаулық сертификатының қытайлық нұсқасы бар шағын бағдарламаны ресми түрде іске қосты деп хабарлайды Интерфакс.

Сертификатта нуклеин қышқылы мен IgG антиденелерін анықтауға жүргізілген тест нәтижелері, сондай-ақ коронавирустық вакцинаны алғаны немесе алмағаны көрсетіледі. Бұл ақпаратты                         QR-код арқылы кез келген шетелдік денсаулық сақтау ведомствосы ала алады. Қаласаңыз, сертификатты басып шығаруға болады.

Осындай технологиялар Қытайда бұрын да қолданылған. «Денсаулық кодтары» елде өткен жылы коронавирустың таралуынм жол бермеу мақсатында пайда болды. Электрондық әмияннан немесе қосымшадан алуға болатын QR коды жұмыс орнына, қоғамдық орындарға немесе көлікке кіру үшін пайдаланылды.

133