Жапондық ANA авиакомпаниясының жолаушылар туралы мәліметтер ұрланды
Салынған уақыты 15.03.2021 08:49
Жапонияның ең ірі авиатасымалдаушыларының бірі - All Nippon Airways (ANA) компаниясында хакерлік шабуылдың салдарынан миллионға жуық клиенттің деректері тарап кетті. Бұл туралы Kyodo-ға сілтеме жасап, Тасс агенттігі хабарлады.
Сонымен қатар зиянкестер ұрлаған деректердің арасында кредиттік карталар немесе клиенттердің шетелдік паспорттарының нөмірлері туралы ақпарат болмағаны атап өтілді. Бұл келеңсіз жағдайдың нәтижесінде клиенттерге ешқандай зиян келтірілмейтіні айтылды. ANA мәліметтері бойынша, зиянкестер билеттерді брондаумен айналысатын жапондық авиатасымалдаушының серіктесі - швейцариялық SITA компаниясына кибершабуыл жасаған.
Kyodo мәліметтері бойынша дәл осындай оқиға жапондық әуе тасымалының тағы бір алыбы - Japan Airlines клиенттерінің мәліметтерімен де болды. SITA-ға шабуыл жасау арқылы 920 мың клиенттің деректері ұрланған болатын. ANA сияқты, онда да ұрланған мәліметтердің ішінде несие карталары туралы ақпарат болмаған.
2968