ЕО коронавирусқа қарсы вакцинациялау сертификаттарын әзірлеуді жоспарлап отыр
Салынған уақыты 11.03.2021 16:31
Еуропалық комиссия Еуропадағы адамдардың қозғалысын жеңілдету іс-шаралары аясында COVID-19 қарсы вакцинациялау сертификатын әзірлеуге ниетті деп хабарлайды Интерфакс.
«Ұсыныс наурыз айында Еуропалық Одақта еркін жүруді жеңілдету үшін жасалады. Сертификатты қолдану туралы айтатын болсақ, оны вакцинацияны растау үшін ғана емес, сонымен қатар оны тест нәтижесі ретінде немесе қалпына келтіру үшін де қолдануға болады», — деді Еуропалық Комиссияның (ЕК) ресми өкілі Кристиан Виганд Брюссельде өткен брифингте.
Журналистер саяхатшыларды мұндай сертификат карантиннен босата ма; егер әлі вакцинация алмаған адамдар көп болса, жазға дейін заң жобасын қалай қабылдау керек деген сияқты және т.б. сұрақтарды қойды; жауап ретінде ЕО ресми өкілдері қызметінің жетекшісі Эрик Мамер асықпауға және күтуге шақырды, өйткені бұл тақырып әлі тың екенін айтты. Еуропалық комиссияның тағы бір өкілі Йоханнес Барке құжат иелерінің дербес деректерін қорғауды күшейте отырып, сертификатты қағаз және сандық форматта әзірлеу көзделіп отырғанын түсіндірді.
2778