ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалында салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Салынған уақыты 11.03.2021 11:17

«Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалында филиал директоры Абрек Садықұлы Төленовті қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Хамет Альбертовичтің Сераев және филиал қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті. 40 жылдан астам осы салада жұмйс жасағаны, сондай-ақ еңбек жолында талай нәтижелерге қол жеткізгені үшін Абрек Садықұлы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Өз сөзінде ол өзімен бірге жұмыс істеген әріптестеріне алғысын білдіріп, барлығына мықты денсаулық және қызметіне табыс тіледі.

Сондай-ақ еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, жүктелген міндеттерді адал және жауапты орындағаны, сонымен қатар талай бастамаларға себеп болып, өз ісінде шеберлік көрсеткені үшін Биғали Ералиұлы Ералиев «Құрметті авиатор» төсбелгісімен және Олег Анатольевич Демченко Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

298