Жүк тасымалдаушылары вакциналарды жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірікпекші
Салынған уақыты 11.03.2021 09:10
UNICEF қайырымдылық қоры және 16 ірі халықаралық авиакомпания COVID-19 вакцинасын және басқа да гуманитарлық тауарларды ең қажет аймақтарға жеткізуді қамтамасыз ету бастамасын іске қосты. БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін ұйым әлемдік авиакомпаниялармен бірлесіп, UNICEF Humanitarian Airfreight Initiative бағдарламасын құрды деп хабарлайды АТО жаңалықтар порталы.
Авиакомпаниялар COVID-19 вакциналарын, сондай-ақ пандемиямен күресте елдерге қажет болуы мүмкін дәрі-дәрмектерді, медициналық қызметтерді және тауарларды әуе көлігімен жеткізудің басымдылығын қамтамасыз ету мақсатында UNICEF-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Қатысушы тасымалдаушылар қабылдауға тиіс шаралар COVID-19-бен байланысты жүктердің температуралық бақылауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ белгілі бір маршруттарда жүк тасымалдау қуаттарын қосуды қамтиды.
Humanitarian Airfreight Initiative бастамасы болашақта болуы мүмкін гуманитарлық дағдарыстар үшін жаһандық логистикалық механизмнің негізі болуға арналған.
2735