ruenkz

Лондондық Хитроу әуежайы жолаушылар үшін жаңа салық түрін енгізді

Салынған уақыты 10.03.2021 16:38

Лондондағы Хитроу әуежайында 2020 жылы жолаушылар тасымалы көлемінің төмендеуіне байланысты «пандемия салығы» енгізілді деп хабарлайды Tengritravel.kz Вестник АТОР хабаршысына сілтеме жасай отырып.

Басылымның жазуынша, Лондон әуежайынан ұшатын барлық рейстердің жолаушыларына, сапардың ұзақтығына және ұшу класына қарамастан, сәуірден бастап 8,90 фунт (шамамен 5 173 теңге) мөлшерінде қосымша алым төлеуге тура келеді. Бұл сома билет құнына қосылады. Осылайша, әуежай өткен жылдың алынбаған кірісінің орнын толтырмақшы.

Айта кетейік, қазақстандықтар ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы және одан әрі саяхаттау үшін ілеспе құжаттарды ұсынған жағдайда, Ұлыбританияға Франкфурт арқылы транзитпен ұша алады. Халықаралық сарапшыларға сілтеме жасай отырып, басылым Еуропаның басқа әуежайлары да осындай тәжірибені қолдануы мүмкін екенін айтады.

2980