ruenkz

Дубай әуежайында жеделдетілген биометриялық шекаралық бақылау іске қосылды

Салынған уақыты 10.03.2021 08:51

АТОР хабаршысы Дубай әуежайында шекаралық бақылаудан небары 5 секундта өтуге болатындығын жазады, өйткені саяхатшыларды шекарашылар емес, соңғы үлгідегі адам бейнесін тану биометриялық жүйесі тексеретін болады. Болашақта жолаушыларды бақылау үшін терминал арқылы өтсе ғана болғаны.

Дубай әуеайлағындағы жаңа жүйе ұшып шығу және ұшып келу аймақтарында 122 «ақылды шығу» (Smart Gates) орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, бұл инновациялық технологияны алғаш рет Emirates Авиакомпаниясы тестілік режимде енгізген болатын. Оның жолаушылары 2020 жылдың күзінен бері биометриялық бақылауды пайдалану мүмкіндігін алды. Енді жаңа технология басқа авиакомпаниялардың жолаушыларына да қолжетімді. Қызмет 17 жастан асқан жолаушыларға көрсетіледі.

189