Қазақстандықтар жақында ЕАЭО елдеріне жаңа қосымша арқылы кіре алатын болады
Салынған уақыты 09.03.2021 09:11
Жақын арада Қазақстан азаматтары ЕАЭО елдеріне «COVID-19-сыз саяхаттаймын» мобильді қосымшасын пайдалана отырып кіре алады деп хабарлайды ИнформБюро Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Коронавирустық пандемия әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде ЕАЭО елдерінде азаматтардың барлық қозғалу түрлерін шектеуге мәжбүр етті, бұл олардың мүмкіндіктеріне ғана емес, мемлекеттердің экономикалық дамуына да кері әсерін тигізді. Бір елден екінші елге аттанғысы келетін азаматтарға ыңғайлы болу үшін екі елдің санитарлық талаптарын сақтай отырып, Еуразиялық Даму Банкі ЕАЭО-да «COVID-19-сыз саяхаттаймын» платформасын әзірледі», - делінген хабарламада.
Бұл қосымша пайдаланушыға тексерілген зертханалардың тізімін тез табуға, қажетті сынақтардан өтуге және біріктірілген ақпараттық жүйеде көрсетілетін тест нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. Ведомствода ҚР уәкілетті органдары Қазақстанның осы жобаға қосылуының құқықтық және техникалық мәселелерін пысықтап жатқанын атап өтті.
3055