Әлемдегі ең көне авиакомпания барлық жұмыскерлерді жұмыстан босату туралы жариялады
Салынған уақыты 05.03.2021 13:03
Известия басылымының айтуынша, «Czech Airlines» авиакомпаниясы еңбек биржасы мен кәсіподақтарға алдағы уақытта барлық 430 қызметкердің жұмыстан босатылатыны туралы хабарлады, бұл коронавирустық пандемия кезінде тасымалдаушының үлкен қаржылық шығындарға тап болуына байланысты.
Компания қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр, бұл туралы еңбек биржасына хабарланған болатын. «Czech Airlines» коронавирустық пандемияға байланысты қатты зардап шекті – рейстердің тоқтатылуына байланысты ұшақтар тоқтап, экипаждар жұмыссыз отыр. Компания акционерлік қоғам болып табылады және мемлекеттің қаржылық қолдауына сене алмайды.
Ақпан айының басында авиакомпания басшылығы 1,1 миллиард крон (шамамен €42,5 миллион) мөлшерінде қаржылық қолдау сұрап, Чехия Үкіметіне жүгінген болатын. Көп ұзамай Чехия Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Карел Гавличек мемлекет компанияға қаржылық көмек көрсетпейтінін айтты. «Czech Airlines» әлемдегі ең көне авиакомпаниялардың бірі болып табылады: оған дейін тек ресейлік «Аэрофлот» компаниясы, голландиялық KLM, колумбиялық Avianca және австралиялық Qantas құрылған еді.
2844