ruenkz

Атырау филиалында персонал авиациялық қауіпсіздік бойынша білім алуда

Салынған уақыты 05.03.2021 10:37

Атырау филиалында 2021 жылғы 03-05 наурыз аралығында «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы Казақстан заңнамасын және  ICAO талаптарын ескере отырып, персоналды авиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту және дайындауды өткізеді. Білі алған персонал кейін авиациялық қауіпсіздік іс-шараларын жоғары деңгейде жүзеге асыра алатын болады. Сабақтарды тәжірибелі және сертификатталған жаттықтырушы – Батыс Қазақстан ӘҚБ АО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы  Евгений Амиржанович Дощанов жүргізеді.

Оқыту лекция мен тәжірибелік сабақтардан тұрады. Сабақтарда жаттықтырушы әдістемелік материалдар, презентациялар мен көрнекі құралдарды пайдаланады. Курс пен емтихандар аяқталғаннан кейін Атырау филиалының персоналы ICAO Trainair plus толық құқылы мүшесі болып табылатын Кәсіби дайындау орталығының сертификатын алады.

399