ruenkz

Германия Үкіметі әуежайларға көмек көрсетпекші

Салынған уақыты 04.03.2021 15:04

Германияның федералды үкіметі елдің он екі әуежайына 200 миллион еуро көлемінде көмек көрсетуге келісті. Ішінара мемлекеттік меншіктегі тағы үш әуежайға да қолдау көрсетіледі деп жазады АТО порталы.

Қаржыландыру шарттары бойынша федералдық жерлердің үкіметтері осындай мөлшерде дағдарысқа қарсы пакетке қатысуы керек. Бенефициарлық әуежайлардың 2020 жылдың нәтижелері бойынша акционерлеріне дивидендтер мен басшылыққа сыйлықақылар төлеуге құқығы жоқ.

Германия әуежайлары  2020 жылы трафиктің 67%-нан айырылып, 3,6 миллиард еуро мөлшеріндегі шығынға батты. 2021 жылы болжам бойынша әуежайлардың кірісі 2,6 млрд еуроға да жетпейді (бұл дағдарысқа дейінгі деңгей). Падерборн (PAD) және Фридрихсхафен (FDH) әуеайлақтары қаржылық дәрменсіздік процедураларына бастама жасады.

2798