Ресей мен БАӘ Россия аса жоғары жылдамдықты жолаушылар ұшағын шығаруды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 04.03.2021 09:37
«Туристер» жаңалықтар порталы хабарлағандай, Ресей мен БАӘ жолаушыларға арналған аса жоғары жылдамдықты ұшақ өндіретін бірлескен кәсіпорын құрмақшы. Жаңа бизнес-джет екі нұсқада ұсынылады – сыйымдылығы 8 және 30 жолаушы, ол жылдамдықты 1.8 мах көрсеткішіне дейін күшейте алады. Ұшақты қазірдің өзінде Ту-144 пен Конкордтың «немересі» деп атайды.
Лайнер жер бетіндегі елді мекендердің үстінен ұшқанда дыбыстан төмен жылдамдықпен, ал мұхиттар мен теңіздердің үстінен дыбыстан асқан жылдамдыққа ауысып ұшады деп хабарланған. Бұл дыбыстық соққыдан адамдарға ыңғайсыздық туғызбау үшін жасалады делінген. Әзірге біз тек бизнес-джет шығару туралы айтып отырмыз, өйткені толыққанды азаматтық лайнер жасау тиімсіз деп саналды: авиакомпаниялар жолаушыларға билеттердің қолжетімді бағаларын ұсына алмайды.
2842