ruenkz

Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

Салынған уақыты 03.03.2021 11:09

2021 жылғы 16 наурыздан бастап «Эйр Астана» авиакомпаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына қайтадан 3 рет ұшатын болады. 

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалатын болады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған, 2021 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданған.

150