ruenkz

Qatar Airways ұшақ бортындағы бос уақытты өткізу жүйесін қашықтан басқаруды іске қосады

Салынған уақыты 03.03.2021 09:42

Катарлық Qatar Airways авиакомпаниясы әлемдегі алғашқылардың бірі болып жолаушыларға ұшақ бортында ойын-сауық жүйесін толығымен қашықтан басқару мүмкіндігін ұсынады. Жақын арада Zero-Touch технологиясын Airbus A350 кең фюзеляжды лайнерлеріне енгізу әлі де тоқтамай тұрған COVID-19 пандемиясы жағдайында тағы бір қауіпсіздік шарасы болып табылады.

Thales әзірлемесі болып табылатын AVANT IFE жүйесімен бірге ұсынылған Zero-Touch технологиясы кез келген A350 жолаушысына өз смарт-құрылғысын алдыға қарай жүретін креслоның арқасындағы ойын-сауық жүйесінің экранымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Zero-Touch-тің басты міндеті – жолаушының борттағы заттармен физикалық байланысын азайту және гигиеналық қауіпсіздік шараларын жаңа деңгейге көтеру.

Qatar Airways Еуропада, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада бірінші болып бизнес және эконом-класс жолаушыларына өздерінің тоғыз Boeing 787-9 борттық ойын-сауық жүйесіне жеке құлаққаптарды (Bluetooth  жабдықталған) қашықтықтан қосу мүмкіндігін ұсынады.

2783