Lufthansa Қазақстанға ұшатын рейстерін қайта ашуды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 02.03.2021 14:24
Lufthansa алғашқы ұшағы 29 наурызда Франкфурттан Алматыға ұшады деп хабарлайды Tengritravel.kz. Сонымен қатар, жағдайдың әлі де қазір тұрақсыз екені айтылды. Егер әуе кеңістігі жабылмаса, рейстер жоспар бойынша орындалады делінген хабарламада.
«Наурыз айынан бастап Алматыдан Франкфуртқа ұшатын тікелей күнделікті рейстер жоспарланған. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанға рейстер аптасына үш рет ұшады деп жоспарланған. Бағалар мен броньдау туралы ақпаратты ресми сайттан көруге болады. Әзірге бірде-бір рейс орындалған жоқ, сондықтан біз ұшақтардың ұшатынына кепілдік бере алмаймыз. Бұл Қазақстан бізге шекараны аша ма, ашпай ма, соған байланысты. Жақын арада жағдай нақтыланады деп үміттенеміз», - деді мамандар.
Lufthansa Қазақстанға рейстерді 2020 жылдың 11 наурызында тоқтатты. Қазір Франкфуртқа тікелей рейстерді "Эйр Астана" аптасына төрт рет жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Германияға кіруге тұруға рұқсаты бар немесе отбасы мүшелеріне бару мақсатында рұқсат етіледі, бірақ ерекше жағдайларда ғана.
3211