ruenkz

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі санитариялық авиацияны дамытуға көмегін тигізуга дайын

Салынған уақыты 02.03.2021 10:58

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері Қазақстанның медициналық авиация саласындағы жалғыз мемлекеттік операторы болып табылатын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қызметімен танысты деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА авиациялық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгінде шағын авиацияның тоғыз отандық авиакомпаниясы санитарлық авиация қызметін көрсетеді және 36 әуе кемесінің қызметін ұсынады. Әртүрлі ұшу-техникалық сипаттамалары бар әуе кемелерін медициналық авиация желісі бойынша қолдану әуеайлақ инфрақұрылымының жай-күйін, географиялық және климаттық жағдайларды ескере отырып, шалғай елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді және өңірлерде, облыс орталықтары арасында, шетелге ұшу кезінде бөлінетін қаражаттың айтарлықтай тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді, бұл ретте медициналық авиация желісі бойынша ұшу ықтималды сипатқа ие болады.

Кездесу барысында ұшақ паркін жаңарту, әуе кемелерін модернизациялау, әуе кемелерінде медициналық модульдерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту, ұшу кезінде әуе кемелерін бақылаудың болмауы, сондай-ақ авиациялық инциденттерді талдау жөніндегі ақпараттың жетіспеушілігі бойынша проблемалық мәселелер қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық орнату және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қызметтердің сапасын арттыру үшін авиакомпанияларды бақылауды жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі туралы уағдаласты. Жақын арада Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақшы.

 

2850