ruenkz

Авиакомпаниялардың кірісі бір жылда 41% төмендеді

Салынған уақыты 01.03.2021 12:24

Ағымдағы жылдың қаңтар айында елдегі авиакомпаниялардың кірістері 19,6 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда бірден 40,8% аз деген сөз. Оның ішінде жолаушылар тасымалынан түскен кірістер17,9 млрд тг, жүк тасымалдарынан түскен кірістер 1,7 млрд тг құрады. Мұндай деректерді Finprom.kz порталы келтіреді.

Анықтама ретінде: өткен жылдың қаңтар айында кірістер бір жылда 31,3% ұлғайып, 33,1 млрд теңгеге жеткен.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында елде 592,1 мың адам тасымалданды, бұл  алдыңғы жылға қарағанда 14,1% аз. Жолаушылар айналымы жылына 38,7% қысқарып, 845,7 млн жкм құрады.

2021 жылдың қаңтар айында елдегі авиакомпаниялар 2,5 мың тонна жүк пен багажды тасымалдады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 34,1% көп. Жүк айналымы жылына 25,6% артып, 5,4 млн жкм құрады.

Біздің елде «Эйр Астана», SCAT, QAZAQ AIR, FlyArystan және басқа да көптеген авиакомпаниялар жұмыс істейді.

«Эйр Астана» авиакомпаниясында рейстердің уақытылы орындалуы туралы мәлімет берілді. Рейс кестеде көрсетілген уақыттан 15 минуттан кешіктірілмей жөнелтілген немесе ұшып келген кезде уақытылы орындалды деп есептеледі. Ұшып келу деген олаушылардың әуежай есіктеріне келуі, ал ұшып кетуі – әуежай есіктерінен кетуі болып саналады.

Компанияның деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша рейстің уақтылы орындалуының орташа көрсеткіші соңғы 30 күнде 90,9% құрады. 2020 жылы рейстің уақтылы орындалуының орташа көрсеткіші 87,6% құрады.

Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау қызметтерінің бағасы қаңтарда бір айда 1,1% және бір жылда 5,9% төмендеді.

2987