Түркия алты әуежай жобасын дамытуда
Салынған уақыты 22.02.2021 09:37
Түркия алты жаңа әуежай жобасы аясында жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр, сондай-ақ Стамбулда жаңадан құрылған жаңа хабты карантиндік шектеулер алынғаннан кейін белсенді түрде кеңейтуге дайындауда, деп хабарлайды АТО порталы.
Түркияның Көлік министрі Адиль Караисмаилоглу 2018 жылдың қазан айында ашылған Стамбулдың жаңа әуежайы (IATA коды: IST) Стамбулды халықаралық әуе тасымалы орталығына айналдыруда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Өз сөзін растау үшін ол: Стамбулдан үш сағат ішінде 41 елге, төрт сағат ішінде 53 елге, бес сағатта 66 елге ұшып баруға болады деп, нақты сандар келтірді. Түркия ICAO Халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше 193 елдің 173-мен екіжақты келісімдер жасады.
Түркия халықаралық маршруттық желіні осы келісімдер аясында белсенді дамытуда. Turkish Airlines ұлттық тасымалдаушысы 300-ден астам бағыт бойынша тікелей рейстер орындауда. Сондай-ақ вакцинацияның кеңінен енгізілуімен шектелетін сұраныс шектеулер алынып тасталғаннан кейін саланың тез қалпына келуіне негіз болатынына сенім білдірді. Бұл іс-шара іске асырылғаннан кейін Стамбулдан үш сағаттық рейстер аясында 120 елде 130 бағыт бойынша рейстер орындалатын болады.
2942