ruenkz

Сарапшылар әуежайларда «жасыл дәліздер» ашылады деп болжап отыр

Салынған уақыты 19.02.2021 10:42

Ірі халықаралық әуежайларда сандық төлқұжаттары бар жолаушыларға арналған «жасыл дәліздер» пайда болуы мүмкін. Мұндай ұсыныс баспасөз конференциясында айтылды, оның барысында сарапшылар әуе саласы мен туризм саласы үшін дағдарыстан шығу жолдарын талқылады деп хабарлайды Tengritravel.kz Tourdom-ға сілтеме жасай отырып.

«Жасыл дәліздер» коронавирустық вакцинацияны немесе ПТР тест нәтижелерін растайтын сандық паспорты бар жолаушыларға қолжетімді болады. Сарапшылар мұндай шара паспорттық бақылаудан өту процесін тездетіп қана қоймай, жолаушылардың сапардың қауіпсіз өтуіне сенімділігін арттырады деп есептейді. Шынында да, статистикаға сәйкес, сауалнамаға қатысқан 6000 адамның 95 пайызы жолда ауырып қалудан немесе мәжбүрлі оқшаулауңа алынудан қорқады.

Жалпы, сарапшылар сандық төлқұжаттар мен байланыссыз технологияларды қолдану қайткен күнде де өмірімізге енетінін  және тек сол жағдайда ғана миллиондаған жолаушылардың ұшуына шектеу қойылмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, әлемде бірнеше сандық паспорт жобалары бар: IATA Travel Pass және Common Pass.  Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында вакцинация халықаралық рейстердің шарты ретінде енгізілмеуі керектігі де айтылды. ПТР-тестілеу, вакцинация туралы сертификаттар, адамның ауырып қалғаны туралы анықтамалар – барлығы ұшу кезінде сандық паспортта ескерілуі керек.

2910