Еуропада көміртегі диоксидінің авиациялық шығарындылары 57% азайды
Салынған уақыты 18.02.2021 10:07
Eurocontrol аэронавигациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық ұйымының жақында жарияланған деректеріне сәйкес, COVID-19 пандемиясына қарсы шара ретінде енгізілген әуе сапарларына қойылған шектеулер Еуропада көміртегі диоксиді шығарындыларының өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылы 56,9%-ға төмендеуіне әкелді.
Бұл төмендеу қысқарған рейстер саны көрсеткішімен (54,6%) шамалас. Дегенмен, көрсеткіштер Еуроодақ елдерінде айтарлықтай әртүрлі болып келеді, бұл әуе паркінің ерекшеліктерін (ұшақтардың жасы мен өлшемі), ұшудың орташа ауқымын, жүк және корпоративтік рейстердің үлесін, пандемияға байланысты сұраныстың төмендеу деңгейін көрсетеді.
Мәселен, Бельгияда жолаушылар ағыны жартылай қысқаруына қарамастан, жүк рейстерінің көп болуына байланысты СО2 шығарындылары тек 30%-ға азайды. Екінші себеп, жақын жерге ұшатын жергілікті рейстердің көпшілігінің жойылуына байланысты жолаушылар рейстерінің орташа ұзақтығы артты.
3257