ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының тағы бір курсы ИКАО кітапханасында

Салынған уақыты 17.02.2021 11:48

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы TRAINAIR PLUS ICAO толыққанды қатысушысы бола отырып, 2016 жылдан бастап ИКАО әдістемесі бойынша оқу курстарын әзірлеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.

Осы бағдарлама аясында TRAINAIR PLUS қатысушылары авиациялық персоналды бүкіл әлемде танылған сертификаттармен бірыңғай стандарттар бойынша даярлауды қамтамасыз ету үшін оқу курстарын әзірлейді және бір-бірімен алмасып отырады. Осы бағдарлама шеңберінде әзірленген барлық курстарды GAT ICAO офисінің сарапшылары тексереді, бұл олардың сапа стандарттарына және авиациялық персоналды даярлауға қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестігін білдіреді.

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында осындай 4 стандартталған оқу кешені (STP) болды. 2021 жылғы 01-12 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында КДО мамандары әзірлеген «Instructional Techniques Training for ATC ojti and STDI» жаңа бесінші курсының валидациялық өткізілуі жүзеге асырылды.

Бұл курс ӘҚҚ диспетчер-нұсқаушылары мен жаттығу құрылғыларының нұсқаушыларын даярлауға арналған және ИКАО-ның Үйлесімді оқу-әдістемелік кешені (CTP) болып табылады, яғни ол TRAINAIR PLUS бағдарламасына қатысушы мен GAT ICAO кеңсесі арасындағы жұмыс келісімі негізінде ICAO стандарттары мен ұсынылатын практикасына (SARPS) сәйкес әзірленген. Курс ағылшын тілінде әзірленіп, өткізілді және курстың валидаторлары оқу-әдістемелік материалдың деңгейі мен оның іске асырылуын жоғары бағалады.      Өз кезегінде теориялық және практикалық сабақтарды өткізу пәндік саладағы сарапшылардың – «ОШ ӘҚҰ ӨО» және «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалдарының диспетчер-нұсқаушылары мен жаттығу құрылғысы нұсқаушыларының арқасында қамтамасыз етілді, олардың жоғары кәсіби білімін курстың валидаторлары мен қатысушылары да атап өтті. 

Қазіргі уақытта ICAO оқу курстарының кітапханасында ИКАО өңірлік орталықтары әзірлеген тек екі СТР ғана бар. КДО әзірлеген ИКАО СТР үшінші курсы ICAO кітапханасында ресми түрде ағылшын тілінде жарияланып, онда бағдарламаның барлық қатысушылары пайдалану үшін CTP/FSM/213/ATCOJT/004EN нөмірімен қолжетімді болады.

3567