АҚШ-та ұшақ жолаушыларына бетпердесіз ұшуға рұқсат етілді
Салынған уақыты 17.02.2021 09:49
Американдық авиакомпаниялардың қызметтерін пайдаланатын жолаушыларға ұшу кезінде бетперде киюге рұқсат етілді деп хабарлайды Tengritravel.kz. Жаңа ережелерді АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бекітті.
Күнтізбелік үш күн ішінде жасалған коронавирусқа теріс тест сертификаты бар жолаушылар ұшу кезінде бетперде кимеуге құқылы. Мәселен, әлемдегі ең ірі American Airlines авиакомпаниясының жолаушылары ұшудан кемінде 72 сағат бұрын авиакомпанияның арнайы көмек командасына бетперде киюден босатылғаны туралы хабарлауы керек. АҚШ-тың Alaska Airlines магистральдық авиакомпаниясы жолаушылардан жоспарланған рейстерден кем дегенде бес күн бұрын жасалған коронавирус тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы талап ететінін хабарлады.
Сонымен қатар, Delta Air Lines авиакомпаниясы бұған альтернатива ретінде бортта бетперде кигісі келмейтін жолаушылардан авиакомпания ұсынатын медициналық маманнан виртуалды тексеруден өтуді сұрады. Барлық үш авиакомпания қорғану бұйымын кию ережесін сақтаған жағдайда, басқа жолаушылар үшін бірқатар ерекшеліктерді де қарастырады. Пандемияға байланысты АҚШ-та жолаушылар тасымалы шамамен 95 пайызға төмендеді.
2799