ruenkz

Ақтау филиалының ұжымы Смағұл Жақсылықұлы Ділмұхамбетов пен Талғат Исабекұлы Игліковті 50 жас мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады

Салынған уақыты 16.02.2021 09:52

Ақтау филиалының ұжымы Смағұл Жақсылықұлы Ділмұхамбетов пен Талғат Исабекұлы Игліковті 50 жас мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.

Смағұл Жақсылықұлы 1971 жылы 03 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2002 жылдан бастап Ақтау филиалында ӘШБ автомобиль жүргізушісі болып жұмыс жасайды.

Талғат Исабекұлы 1971 жылы 08 ақпанда Қызылорда облысында туған. 1992 жылы Ленинград қаласының Ленин Ордені Азаматтық авиация академиясын «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша аяқтады. Жамбыл филиалының ӘҚҚҚ диспетчері, ҚР Азаматтық авиация комитетінде Әуе кеңістігін пайдалану бөлімінің бас маманы  лауазымында жұмыс жасады. 2002-2018 жылдар аралығында әуе қозғалысын жоспарлау, үйлестіру және тікелей басқарумен байланысты ҚР Қарулы Күштеріндегі офицерлік құрамның лауазымдарында қызмет етті. 2018 жылдан бастап Ақтау филиалында «Брифинг» ДП диспетчері болып жұмыс жасайды.

Мерейтой иелеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілейміз.

166